Мониторингтік топтар кезекті рейдке шықты

Мониторингтік топтар кезекті рейдке шықты

Бүгін ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қадағалайтын «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінен құрылған топ Павлодар облыстық диагностикалық орталығына,  «Ертіс» және «Сарыарқа» қонақ үйлеріне барып мониторинг жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты тұрғындарға мемлекеттік және орыс тілдерінде сапалы қызмет көрсету, тіл заңнамасы талаптарының сақталуы және көрнекі ақпарат мәтіндерде қателерді болдырмау болып табылады.