Мемлекеттік тілдің маңыздылығы

Мемлекеттік тілдің маңыздылығы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын облысымызда жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің филиалы және Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «ҚР тіл туралы» Заң талаптарының сақталуы және әрбір мекемедегі көрнекі ақпараттардың сауатты орналасуы және халыққа сапалы қызмет көрсету мәселелері талқыланды.