«Қазақшаңыз қалай?!» тәжірибелік сабағы

«Қазақшаңыз қалай?!» тәжірибелік сабағы

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Ана тілі» орталығының ұйымдастыруымен тұтынушыларға қызмет көрсету орындарында қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейту, оның әлеуметтік рөлін және мәртебесін арттыру мақсатында «Қазақшаңыз қалай?!» тәжірибелік сабағы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Павлодар қаласының Орталық әмбебап дүкенінде өткізіліп, «Ана тілі» орталығының тыңдаушылары мен Тіл еріктілері қатысты. Сабақ дүкендегі тұтынушылардың қазақ тілінде пікір және өзара сұхбат алмасу және әңгімелесу форматтарында өтті.

Сонымен қатар жоғарыда аталған сабақтар «Batyr mall» және «Inmart» дүкендерінде ұйымдастырылып, алдағы уақытта қаламыздың «Манақбай», «Артур», «Квазар» сияқты ірі сауда үйлері мен тағы басқа  дүкендерде өткізу жоспарланған.