«Ұлты басқа – жүрегі бір» патриоттық сағат қорытындыланды

«Ұлты басқа – жүрегі бір» патриоттық сағат  қорытындыланды

2020 жылдың 15 желтоқсанда Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған этнос жастары арасындағы «Ұлты басқа – жүрегі бір» патриоттық сағаттың қорытындысы шығарылды.

Іс-шараның негізгі мақсатымемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын ынталандыру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жастарды үлгі ету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Іс-шараға облысымыздың өңірлерінен қазақ тілін меңгерген этнос жастары өздерін таныстырып, барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Егемендік тақырыбына арналған шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, видеосын басқармаға жолдаған болатын. Ұсынылған бейнематериалдар Басқарманың «ЕRTIS MÁDENIETI» инстаграм парақшасында орналастырылды.

Іс-шараның барлық қатысушыларына Басқарманың алғыс хаттары табысталды.