Павлодарда тегін қазақ тілі курстары басталды

Павлодарда тегін қазақ тілі курстары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың 5 қаңтарында «Еgemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қазақ тілі мәселесін көтерді. «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады» – деген Президент.

Жыл сайынғы облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтетін барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстары басталды.

Курстың мақсаты – қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету.

Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдер құрастыруды үйренетін болады. Курстың соңында тыңдаушылар емтихан тапсырып, сертификаттар табысталатын болады.

Курстарға Павлодар қаласы, Ак. Марғұлан көшесі, 115 мекенжайы, тел. 618488 бойынша жазылуға болады.