Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанынан ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына жүргізетін мониторингтік топтар құрылған болатын. Мониторингтік топтың құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары, «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы, «JEBE» және «Қағандық» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, тіл жанашырлары мен еріктілер кірді.
Мониторинг топтың негізгі міндеті – облыс тұрғындарына екі тілде қызмет көрсету сапасына, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Осы ретте ағымдағы жылдың 28 қаңтарында топ мүшелері Павлодар қаласындағы «Қазақтелеком» және «Қазақстан Халық банкі» АҚ облыстық филиалдарына, «Павлодар» қонақ үйіне барып, тіл заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында ұсыныстар беріліп, жадынамалар мен қазақ тілін тегін үйренуге арналған QR коды бар плакаттар таратылды.
Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.