Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанынан ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына жүргізетін мониторингтік топтар құрылған болатын. Мониторингтік топтың құрамына қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, тіл жанашырлары, еріктілер кірді.
Мониторинг топтың негізгі міндеті – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында топ мүшелері Павлодар қаласының Кривенко көшесі, 25 ғимаратына, «Павлодарэнергосбыт», «Павлодар-Водоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, «Қазпошта» акционерлік қоғамына облыстық филиалына барып, тіл заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында топ мүшелері күзет, касса, қабылдау бөлімдерінің мамандарымен сұхбаттасып, қызмет көрсету тілі мен сапасын, көрнекі ақпараттың сауатты орналасуын тексеріп, жаднамалар таратты.
Кемшіліктер анықталған мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді.