Ономастика және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне қатысты мәселелер бойынша онлайн-семинар

Ономастика және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне қатысты мәселелер бойынша онлайн-семинар

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27 қарашасында ономастика саласындағы және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мәселелер бойынша онлайн-семинар өтті.

Семинардың мақсаты – идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау, тарихи атауларын қалпына келтіру, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді жаңарту, ономастика мәселелерін талқылау және жетілдіру болып табылады.

Шараға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, қала, аудандарда ономастика саласына жауапты тіл мамандары мен «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізетін архитектура саласының мамандары қатысты.

Облыстық ономастика комиссиясының мүшесі, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы семинарға қатысушыларға нысандарды қайта атау, атау беру кезінде ескерілетін басты ерекшеліктер туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ семинарда мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жеке адамдардың есімін беру қағидалары туралы сөз қозғалып, қайта атау кезіндегі туындайтын басты мәселелер талқыланды.