«Мақұлданған терминдерді басшылыққа алу және оны қолданысқа енгізу» тақырыбындағы онлайн семинар

«Мақұлданған терминдерді басшылыққа алу және оны қолданысқа енгізу» тақырыбындағы онлайн семинар

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының үйымдастыруымен 2020 жылғы 24 қарашада «Мақұлданған терминдерді басшылыққа алу және оны қолданысқа енгізу» тақырыбында онлайн семинар өтті. Аталған іс-шараға облыстық басқармалардағы тіл саясатына жауапты мамандар қатысты.

Семинар барысында  Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология және ономастика басқармасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қожабекқызы Қожахмет «Termincom.kz» сайтында жұмыс жасау тәртібін түсіндірді.

 Аталған сайтта қолданушылар салалық терминдерді қалыптастыру және стандарттау, терминдерді аудару, анықтамалық әдебиеттер мен терминология саласында жарық көрген еңбектермен таныса алады. Сонымен қатар жаңа терминдерді талқылап, оларға дауыс бере алады.