Облыстық онлайн семинар

Облыстық онлайн семинар

2020 жылғы 20 қарашада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Павлодар қаласының мемлекеттік қызметшілері мен іс жүргізушілерінің қатысуымен онлайн режимі арқылы облыстық семинар өтті.

Шараның басты мақсаты - қала, аудандардағы мемлекеттік қызметшілер мен іс жүргізушілердің біліктілігін арттыру, тілді меңгеру үлгілерін жетілдіріп қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту.

Семинар барысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжикова қатысты.

Жалпы ағымдағы жылдың басынан бастап өткізілген семинарларға Павлодар қаласынан және Шарбақты, Успен, Ақтоғай, Аққулы аудандарынан 250 мемлекеттік қызметшілер мен  іс жүргізушілер қатысты.