2026 жылдың 27 маусымында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында өтіп жатқан «Тіл керуені» жобасының қатысушылары және Басқарманың бас мамандары Абай облысына сапарлады.
Шараның мақсаты – тіл-мәдениет-туризм сызбасы бойынша тілдік ортаға ену үшін кешенді тәсіл негізінде шынайы тілдік ортаға жағдай туғызу және тілді оқыту бойынша тәжірибе алмасу.
Сапар барысында Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына экскурсия ұйымдастырылды. Мұнда олар Абай Құнанбаевтың өмір жолымен кеңінен танысып қана қоймай, сондай-ақ қазақтың қолөнер бұйымдарын жайлы көп мағлұмат алды. Ал Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде тыңдаушыларға әлемдік, ресейлік және қазақстандық суретшілердің қылқаламынан туған туындылар таныстырылды.
Сапар соңында тіл үйренушілер Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және тіл оқыту орталығының өкілдерімен кездесіп, қазақ тілін оқыту жөнінде пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.