«Тіл керуені» жобасының қатысушылары музейде

«Тіл керуені» жобасының қатысушылары музейде

2026 жылдың 25 маусымында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында өтіп жатқан «Тіл керуені» жобасының қатысушылары Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды.

Аталған шара өңірімізде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қолданылу аясын кеңейту, әлеуметтік рөлін арттыру, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылуда. Қатысушыларды тілдік ортаға бейімдей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы тілдік ортаға енулеріне жағдай жасалды.

Жалпы қатысушылар курс барысында мемлекеттік тілімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды қазіргі заманға сай сабақ түрлері: ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары арқылы үйренуде.

Бұған қоса «Тіл керуені» жобасының қатысушылары ағымдағы жылдың 27 маусымында Абай облысына бару жоспарланып отыр.

Аталған жобаға 50 тыңдаушы қатысып, курс соңында сертификаттар табысталатын болады.