
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 13 сәуірде Ақтоғай ауданында «Тіл-рухани қазына» тақырыбында көшпелі семинар өтті.
Аталған шара тіл саясатын дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Семинар жұмысына Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. А.Ф. Зейнулина, «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы Х. Жанарыс, сондай-ақ облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Б.Қ. Қайыр, бас маман М.А. Сүлейменов және өзге де сала мамандары қатысты.
Сонымен қатар, жиынға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, әкімдікке қарасты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Шара барысында көрнекі ақпаратты рәсімдеу, оқыту үдерісіндегі тіл нормаларын сақтау, құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын аясында ономастика саласына да ерекше көңіл бөлініп, атау беру мен қайта атау мәселелері қарастырылды. Сала мамандары қолданыстағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, нақты бағыт-бағдар берді.
Семинар қорытындысында тіл саясатын дамытуға және жүзеге асуына белсенді үлес қосып жүрген азаматтар басқарма басшысының алғысхаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.