Павлодарда тегін қазақ тілі курстарының бірінші маусымы бастау алды

Павлодарда тегін қазақ тілі курстарының  бірінші маусымы бастау алды

Павлодарда тегін қазақ тілі курстарының

бірінші маусымы бастау алды

 

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде барлық санаттағы азаматтар үшін жыл сайын қазақ тілін тегін оқыту курстарын өткізеді.

Осыған орай Павлодарда ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында жоғарыда аталған Тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстарының бірінші маусымы бастау алды.

Курстың мақсаты – тыңдаушыларды қазақ тілінде жиі кездесетін сөздерді қолдана отырып, еркін және дұрыс сөйлеуге үйрету, сондай-ақ қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын меңгерту болып табылады.

Аталған курсқа тілді меңгеру деңгейі әртүрлі және әртүрлі жастағы тыңдаушылар қатысуда. Тілді оқыту қарапайымнан күрделіге дейінгі деңгейлер бойынша жүргізіледі. Сабақтар аптасына бес рет, екі ай бойы өткізіледі.

Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады.

Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.

Тегін қазақ тілі курстарына жазылуға және қосымша ақпаратты           61-84-88 телефоны арқылы алуға болады.

Жалпы 2026 жылы мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған облыс көлемінде «Тіл керуені», қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up», «Қазақ тілі онлайн курсы» және «Жағдаяттық қазақ тілі» атты жобалар мен курстар іске асырылады.