«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» республикалық байқауы

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» республикалық байқауы

2020 жылғы 21 қазанда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай этнос жастары арасында «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» республикалық байқауы онлайн режимінде өтті. Байқауға әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 18 бен 29 жас аралығындағы 17 адам қатысты.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттау.

Байқауға облысымыздан Май ауданы, Малайсары ЖОББ мектебінің шет тілі пәнінің  мұғалімі Жумабекова Ксения Антоновна қатысып, «Абайдың тілі, адамзаттың рухани қазынасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.