
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және этнос өкілдері жастарының қазақ тілін білуге деген құлшынысын арттыру және ынталандыру мақсатында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Жүзден жүйрік» атты этнос өкілдерінің арасындағы облыстық конкурсы өтті.
Конкурстың ереже талаптарына сәйкес 4-кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетті, екінші кезеңде танымал ақындардың қазақ тіліндегі поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу, үшінші кезеңде экранда көрсетілген «мақал-мәтел», «жаңылтпаш», «жұмбақ», «тұрақты сөз тіркестері» ұяшықтарының бірін таңдап, сондағы берілген тапсырманы орындады, төртінші кезеңде қатысушылар экранда берілген мәтіндердің мәнін ашып, баяндап беру болды.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орын Екібастұз қаласының үміткері Қожамбердина Викторияға бұйырса, II орынды Баянауыл ауданының қатысушысы Москвитина Аделина иеленді, ал III орынға Павлодар қаласының үміткері Шукуралиева Неля лайықты деп танылды.
Барлық қатысушылар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту
және архив ісі басқармасы