«Лексикалық минимум принциптерінің тұтастығы» тақырыбындағы онлайн семинар

«Лексикалық минимум принциптерінің тұтастығы» тақырыбындағы онлайн семинар

2020 жылы 14 қазанда Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен онлайн форматта мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арналған облыстық семинар өтті.

Семинар онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылатын тіл мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара.

Семинарға Ертіс және Баянауыл аудандарынан 50 адам қатысып, білімдерін шыңдады.

Жаңа форматта оқытудың әдістемелерін игере отырып, тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова семинар қатысушыларына өз тәжірибелерімен бөлісті. Жұмыс барысында қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын жаңа әдістемелермен танысты.

Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.