«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы қорытындыланды

«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы қорытындыланды

2020 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған этнос өкілдері арасындағы «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды.

Акцияның негізгі мақсатыбатырлар жырларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу болып табылады. Іс-шараға еліміздің 17 өңірінен 200-ден астам этнос жастары қатысып, батырлар жырынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, видеосын #менқазақшасөйлеймін2020 хештегімен әлеуметтік желілерде кеңінен таратқан болатын.

Акция жеңімпаздары «ZOOM» арқылы әлеуметтік желілердегі «лайк» саны бойынша анықталды.

Аталған акцияға Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 15 адам ұсынған болатын. Өңіріміздің атынан қатысқан Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 11-сынып оқушысы Легкая Инесса 1224 лайк жинап, республикалық байқауда үздік бестіктің қатарынан табылды. Жерлес жеңімпазымыз дипломмен және сыйлықпен  марапатталды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға Тіл саясаты комитеті төрағасының алғыс хаттары табысталды.