«Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсы

«Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсы

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың                    17 қазанында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты облыстық жас ақындар мүшәйра конкурсының марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

         Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз шығармаларын жолдады. Жыр додасына облысымыздың қала, аудандарынан барлығы 25 үміткер өз бақтарын сынады. Қазылар алқасы 13 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Бәйгеде Ертіс ауданы «Қараағаш» ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мақсұт Нариман Жамбылұлы өз қарсыластарынан озып,       І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия интернатының оқушысы Қайрат Алдияр Қуатұлы, ІІІ орынға Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Абылқас Жамбыл Жанбекұлы ие болды.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.