
2025 жылдың 22 қыркүйегінде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес барлық санаттағы азаматтарға арналған ағылшын тілі курстары басталды.
Шараның мақсаты – ағылшын тілінде дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар лексикалық нормаларын үйрету.
Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдер құрастыруды, өзінің қайда тұратыны, жұмысы мен өзіне таныс адамдар туралы сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады.
Жалпы шараға 90 адам қатысатын болады. Курстың соңында тыңдаушылар емтихан тапсырып, сертификаттар табысталатын болады.