«Тіл – кемел болашақтың кепілі» атты зиялы қауым өкілдерімен кездесу

«Тіл – кемел болашақтың кепілі» атты  зиялы қауым өкілдерімен кездесу

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген болатын.

Осы орайда ағымдағы жылдың 8 қазанында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың қатысуымен жергілікті зиялы қауым өкілдері және тіл жанашырларымен кездесу өтті.

Жоғарыда аталған шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы мен «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, жергілікті зиялы қауым, тіл жанашырлары мен облысымыздың белсенді жастары, өңіріміздің үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту, латын графикасына кезең-кезеңімен көшу, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мен жаңғырту, сондай-ақ қазақ тілінің ғылым, білім саласындағы рөлі және оның жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды.