«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өтті

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өтті

Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте  «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық конкурсының марапаттау рәсімі өткізілді.

Бұл конкурсты ұйымдастырудың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету,  мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытып жүрген азаматтарды  қолдау және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандардың жауапкершілігін арттыру болды.

Аталған конкурсқа өңіріміздің белсенді азаматтары, тіл жанашырлары және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандар қатысты. Конкурсқа қатысушылар тарапынан ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңнның 21-бабына сәйкес келмейтін 500-ден астам деректемелер мен көрнекілер бойынша ақпараттар ұсынылды. Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды тіл ғалымдары мен қоғам белсенділерінен тұратын қазылар алқасының құрамы зерделеп, конкурс ережесіне сәйкес келетін 13 жұмыс іріктеліп алынды.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша І орынға Букарбекова Үміт (Павлодар қ.), ІІ орынға Қайыр Бейбарыс (Павлодар қ.), ІІІ орынға Тусупова Динара Амангельдиновна (Павлодар қ.) лайықты деп танылды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.