Ертіс ауданында тіл саясаты мәселелері талқыланды

Ертіс ауданында тіл саясаты мәселелері талқыланды

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай іс-шаралар айлығын жариялады. Аталған айлық шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Басқарманың ұйымдастыруымен Ертіс ауданында «Тіл – рухани қазына» тақырыбында көшпелі семинар өтті. Осы шараға Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. А.Ф. Зейнулина, «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы Х. Жанарыс, облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Б.Қ. Қайыр, сонымен қатар аудандық мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының мүшелері және әкімдікке қарасты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Семинар мақсаты ұстаздардың өскелең ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру мен ұлт құндылықтарын шәкірт санасына сіңіру тұрғысындағы рөлін арттыруға бағытталған.

Шара барысында көрнекі ақпарат, оқыту, құжат айналым, аударма мәселесімен қатар тіл саясатына қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ мәжіліске қатысқан ұстаздар мен тіл жанашырлары тарапынан ономастика бойынша да мәселелер көтерілді. Сала мамандары бұл бойынша да бағыт-бағдар беріп, заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулерді жан-жақты түсіндірді.

Семинар соңында ауданда тіл саясаты жұмыстарына үлес қосқан азаматтар басқарма басшысының алғысхатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.