Жазғы «Тілдік Glamping»

Жазғы «Тілдік Glamping»

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде «Ана тілі» орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Баянауыл ауданындағы Сабындыкөлдің жағасында жазғы «Тілдік Glamping» атты шарасын өткізді.

Аталған шара өңірімізде мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап, қолданылу аясын кеңейту, әлеуметтік ролін арттыру, тілдік ортаға ене отырып, қазақ халқының тарихымен, тұрмысымен, рухани құндылықтарымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға жоғарыда аталған тұжырымдама шеңберінде өтіп жатқан барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстарының, «Тіл керуені – 2025» және қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» және тағы басқа жобаларының тыңдаушылары қатысып, ашық аспан аясында мемлекеттік тілді ойын-сабақтары мен флеш-тренингтер арқылы үйренді. Қатысушыларды тілдік ортаға бейімдей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы тілдік ортаға енулеріне жағдай жасалды.