«Тіл – рухани қазына» тақырыбында кезекті көшпелі семинар 2025 жылғы 10 маусымда Тереңкөл ауданында жалғасын тапты. Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Торайғыров университетінің профессоры, ф.ғ.к. А.Ф. Зейнулина, «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы Х. Жанарыс, облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Б.Қ. Қайыр, сонымен қатар аудандық мектептердің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының мүшелері және әкімдікке қарасты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Семинар мақсаты ұстаздардың өскелең ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру мен ұлт құндылықтарын шәкірт санасына сіңдіру тұрғысындағы рөлін арттырыуға бағытталған.
Шара барысында сонымен қатар «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы, көрнекі ақпарат, оқыту, құжат айналым, аударма мәселесімен қатар тіл саясатына қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
Сондай-ақ мәжіліске қатысқан ұстаздар мен тіл жанашырлары тарапынан ономастика бойынша да мәселелер көтерілді. Сала мамандары бұл бойынша да бағыт-бағдар беріп, заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулерді жан-жақты түсіндірді.
Семинар соңында ауданда тіл саясаты жұмыстарына үлес қосқан азаматтар басқарма басшысының алғысхатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.