Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ана тілі» орталығында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде барлық санаттағы азаматтарға арналған тегін қазақ тілі курстарының үшінші маусымы бастау алды.
Курстың мақсаты – тыңдаушыларды қазақ тілінде жиі кездесетін сөздерді қолдана отырып, еркін және дұрыс сөйлеуге үйрету, сондай-ақ қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын меңгерту болып табылады.
Аталған курсқа тілді меңгеру деңгейі әртүрлі және әртүрлі жастағы тыңдаушылар қатысуда. Тілді оқыту қарапайымнан күрделіге дейінгі деңгейлер бойынша жүргізіледі. Сабақтар аптасына бес рет, екі ай бойы өткізіледі.
Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады.
Үшінші маусымға «Ақсу су арнасы» КМК-нің жұмысшылары, Ақсу қара металлургия колледжі мен Жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер қатысуда.
Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.
Жоғарыда аталған тегін курстармен ағымдағы жылдың соңына дейін 495 тыңдаушыны қамту жоспарланған.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жыл саййын тұрақты негізде қазақ тілін оқыту бойынша тегін курстар өткізеді. Аталған курстарға жазылып, қосымша мәлімет алу үшін 61-84-88 байланыс телефонына хабарласуға болады.