Павлодарда қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» жобасы бастау алды

Павлодарда қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» жобасы бастау алды

Ағымдағы жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қызмет көрсету өкілдеріне арналған тілдік «Start up» жобасы бастау алды.

Курстың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және қызметкерлердің күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға ынталандыру.

Сабақтар ситуациялық режимде өтеді. Оқу кезінде тыңдаушылар өз қызметіне қатысты қажетті сөздік минимумды меңгереді.

Жоғарыда аталған жоба бойынша қазақ тіліне 2025 жылдың соңына дейін 150 қызмет көрсету өкілін оқыту жоспарланған. Бүгінгі күні 45 маман оқытылуда.

Жобаға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметкерлері, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ мен «Ақсу су арнасы» КМК-ның жұмысшылары қатысуда.

Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.