«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақтоғай ауданы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Қабылдау 1 этап:
Қабылдау 2 этап:
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
Сұхбат:
Анықтама телефоны: 87184122011
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
'Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі'
коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы секторының мал
шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау саласындағы бас
маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Мал шаруашылығын дамытудың өңірлік, мемлекеттік бағдарламаларын
әзірлеу және іске асырады;
Ай, тоқсан, жартыжылдық және жыл сайын бөлім басшысына және
облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына ауыл шаруашылығы жануарлары
мен құстарының сандық және сапалық құрамы мен қозғалысы туралы жазбаша
есептерді, ауданның ауылдық округтері жағдайында мал және құс
шаруашылығының жалпы өнімін ұсынады;
Ауылдық округтер әкімдері аппаратының қызметкерлеріне, ауыл
шаруашылығы құрылымдарының басшыларына, азаматтарға мал және құс
шаруашылығы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
Өңдеу объектілері мен дайындау пункттерінің саны туралы толық және
сенімді ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынады;
Бөлім басшысының және уәкілетті лауазымды тұлғалардың талабы
бойынша аудандағы мал шаруашылығының жағдайы туралы толық және
шынайы ақпараттың қалыптасуын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Мал шаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өңдеу объектілерінің
есебін жүргізеді;
Белгіленген мерзімде облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы
жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу бойынша ауылдық округтердің
мамандарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан
ұрықтандырумен қамтуды қамтамасыз ету бойынша ауылдық округтердің
әкімдерімен бірлесіп жұмыс жасайды;
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына асыл тұқымды шаруашылықтар
мәртебесін беру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
агрономия, биология, аграрлық техника және технология, жерді
мелиорациялау, баптау және қорғау, биологиялық және сабақтас ғылымдар,
мал шаруашылығы, агроном, агрохимик, зоотехния, ветеринария
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады