Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары мен қонақтары!

«Чектерді жина – жүлдені ұтып ал!» науқаны Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Ақтоғай ауданы әкімдігімен, бірлесіп ұйымдастырылады.

Науқан Ақтоғай ауданы тұрғындарының азаматтық белсенділігін, құқықтық мәдениетін арттыруға және көлеңкелі экономиканы төмендетуге арналған.

Алдағы Науқан ағымдағы жылдың наурыз айының ішінде, яғни 2025 жылдың 1 наурызынан 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін өткізілетін болады.

Осы Науқанның қорытындысы бойынша жүлделер ойналатын болады.

Жалпы жүлде қорының мөлшері 1000 000 теңгені құрайды.

Науқанға қатысушы болу және жүлде қорының ұтыс ойынына үміткер болу үшін науқан өткізу кезеңінде мынадайды орындау қажет:

Тауарларды сатып алу, жұмыстар мен қызметтер көрсету үшін алынған чектерді талап ету және тастамау және оларды Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе ауылдық округтердің әкімдіктеріне әкелу.

Бұдан әрі Басқарма қызметкері не ауылдық округ қызметкері қатысушыдан кассалық чектерді қабылдайды және кассалық чектердің түпнұсқалығын жүргізеді.

Бұл науқанға бақылау-кассалық машинамен берілген чектер, онлайн-чектер және жұмсақ чектер қатысады.

Кассалық чектерді тексергеннен кейін қатысушының қолына үзбелі купон беріледі.

Купонның екінші бөлігі қатысушының қатысуымен жәшікке түсіріледі.

Науқан аяқталғаннан кейін купонның бірінші бөлігі ұтыс ойынына қатысады.

Науқанның негізгі шарттары:

Бірінші : Науқанға 2025 жылдың 1 наурыз айында берілген чектер қатысады;

Екінші :  1 купон 10 чекке тең, яғни 1 купонды алу үшін 10 чек жинап, әкелу керек

Үшіншісі : Бір чектегі ең төмеңгі сома 1000 теңгеден кем болмауы тиіс;  

Төртінші : Бұл науқанға Ақтоғай ауданында тіркелген кәсіпкерлер Науқан кезеңінде берген чектер ғана қатысады.

Науқанға сатып алынған тауар, көрсетілген жұмыс немесе қызмет үшін чек алған кез келген адам қатысып, бағалы жүлдені ұтыа ала алады.

Науқанды өткізу ережелері туралы толығырақ ақпаратты Instagram aktogai.salyq.kz парақшасына жазылу арқылы және басқа БАҚ- даң алуға болады.