«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақтоғай ауданы әкімі аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақтоғай ауданы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.11.2024 - 20.11.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.11.2024 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 24.11.2024 Сұхбат: 27.11.2024 Анықтама телефоны: 87184122011 E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: "Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос) Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтерін ұсыну және есептерін жүргізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөнінде жұмыс жасау және есебін жүргізу; Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөніндегі есептерді жүргізу; Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округі әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: агрономия, су қорлары және суды пайдалану, агроинженерия, жерге орналастыру, ветеринария, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, гуманитарлықғылымдар, педагогикалық ғылымдар, өнер, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, денсаулық сақтау, қызмет көрсету, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.