«Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

«Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

«Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:

- экономика және қаржы;

- мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету.

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және sup.ae@pavlodar.gov.kz  электрондық поштасына еңбек  жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер: 2024 ж. 23 мамырдан  бастап 29 мамыр аралығы