«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақтоғай ауданы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.04.2024 - 29.04.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.04.2024 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.05.2024

Сұхбат: 10.05.2024

Анықтама телефоны: 87184122011

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

"Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімінің өкімдерін, шешімдерін, қаулыларын, нормативтікқұқықтық актілерін уақытылы дайындау;

Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бекітілген стандарттарға және регламенттерге сәйкес көрсету;

Ауданішілік тұрақты жолаушыларды тасымалдау маршруттарын бақылау және осы бағытта жұмыстарды жүргізу;

Облыстық басқармалардың, департаменттердің сұраныстарына мерзімінде ақпарат әзірлеу және ұсыну;

Бөлім жұмысшы органы болып табылатын комиссиялар мен жұмыс топтарының материалдарын дайындау;

Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын пайдалануды жүзеге асырады;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: машина жасау, автоматтандыру және басқару, құқықтану, технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), көлік құрылысы, инженерлік жүйелер мен желілер, көлік қызметтері, көлік, көлік техника және технологиялары, юрист, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.