Мектепке баратын жол ыңғайлы болмақ

Мектепке баратын жол ыңғайлы болмақ

Өңір басшысы Асайын Байханов Ақтоғай ауданына американдық үлгідегі автобустардың 3 кілтін табыс етті.

Облыс әкімі жаңа автобустардың қалай жабдықталғанын тексерді. Оларда қауіпсіздік белдіктері, рюкзактарға арналған сөрелер, бейнекамералар бар. Мобильділігі төмен балалар үшін көтергіштер қарастырылған. Арнайы жүйе жүргізушіге ашық есіктер туралы ескертеді және қозғалысты бастауға мүмкіндік бермейді. Қысқы кезең үшін салонда алты радиатор орнатылған.