Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы наурыз айынан бастап жастар үшін жылдық 2,5% жеңілдікті шағын несиелер беру үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы наурыз айынан бастап жастар үшін жылдық 2,5% жеңілдікті шағын несиелер беру үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды

⚡️ Құрметті кәсіпкерлер!
Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы наурыз айынан бастап жастар үшін жылдық 2,5% жеңілдікті шағын несиелер беру үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды!
Бизнес түрлеріне шектеулер жоқ.
📍 Микрокредиттің мөлшері 5 млн. тг. дейін.
📍 Қатысудың мерзімі - 5 жылға дейін (бизнестің кез келген түріне), мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін.
📍 Несие беру мерзімінің 1/3 бөлігі - несие өтеудің жеңілдікті кезеңі (демалыс).
📍 Несие беру шарттың бірі - жылжымалы және жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік, кепілдік болмаған кезде кепілдікке жақын туыстарының мүлігін қоюға болады.
"Аграрлық несиелік корпорация" АҚ микрокредиттерді сүйемелдеу және беру жөніндегі оператор болып айқындалды.
Құжаттар тізбесі бойынша ақпарат алу үшін: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 5-қабат, 502-кабинет мекен-жайына жүгінуіңізді сұраймыз, анықтама үшін телефон: 8 (7182) 70-38-20.
Немесе келесі сілтеме арқылы ақпарат алуға болады @agrocredit_kz, сонымен қатар Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз, байланыс тел. 87182 654415