Биыл Жалаулы, Жоламан, Жамбыл, Шұға, Шолақсор, Барлыбай және Жаңатап ауылдарының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Биыл Жалаулы, Жоламан, Жамбыл, Шұға, Шолақсор, Барлыбай және Жаңатап ауылдарының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Бүгін Ақтоғай ауданының әкімі Қ. Арынов ауданның 7 елді мекеніне су құбырларын салу бойынша жоспарланған жұмыс түрлері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Жиынға мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары болып табылатын мердігерлік ұйымдар, сондай-ақ осы жұмыстар жүргізілетін ауылдық округтердің әкімдері Zoom режимінде қатысты.



Жұмыс түрлері бойынша кейбір ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың сәуір айынан бастау жоспарлануда.