Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен келді

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен келді

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен келді. Ол Ақтоғай ауданына іске асырылып жатқан және қолға алынған инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайымен танысып, ауыл шаруашылығы мен айналысатын тауар өндірушілерімен проблемалалық мәселер бойынша кездесті.

Қожамжар ауылындағы «Agro Terra» ЖШС-нің директоры Е.С. Алибековтың көкөніс сақтау қоймасындағы 2023 жылғы егістікке құйылған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы мен сапасын қарады.

Приреченск ауылындағы «Краснокутское» ЖШС-нің директоры Р.С. Канаевтың астық сақтау қоймасы мен астық кептіргіш жобасымен танысты.

Жоламан ауылындағы «Ақтоғай Агро» ЖШС-нің бас директоры А.А. Терентьевтің 1000 басқа арналған сүтті тауарлы ферманың жұмысымен танысып, осы кәсіпорынның базасындағы ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасы, дәнді және картоп, көкөніс дақылдарының тұқымдарының жағдайына баға берді. Сонымен қатар «Ақтоғай Агро» ЖШС 2023 жылы астық сақтау қоймасының құрылысы және механикаландырылған астық кептіру және тазалау жобасының құрылысын көрсетті.

Мүткенов ауылындағы мал шаруашылығымен айналысатын «Жем-16» ЖШС атқарушы директоры Е.С. Аубакировтың иелігіндегі кәсіпорынның алдағы жоспарымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімінің орынбасары С.Б. Батырғожинов аудан әкімдігінде ауданның жергілікті атқарушы орган басшылары, облыстық қаржы институттары, ауданның ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің басшыларының қатысуымен көктемгі егіс жұмыстарының жоспары бойынша жиын өткізіп, жергілікті атқарушы орган басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.