2022 жылдың 12 айында қылмыс пен қылмыстық жағдайдың жағдайы

2022 жылдың 12 айында  қылмыс пен қылмыстық жағдайдың жағдайы

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасымен 2022 жылғы 12 айдағы қылмыстың жай-күйі мен криминогендік жағдайға талдау жүргізді.

2022 жылдың  кезеніңде облыс бойынша қалыптасқан негізгі көрсеткіштеріне сәйкес  қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркеуі 11,9 %-ға (5702-ден 5022-ге дейін) түсуімен сипатталады.

10 мың тұрғынға шаққандағы құқық бұзушылық деңгейі бойынша (67 құқық бұзушылық) Павлодар облысы басқалардың арасында 13-ші орында тұр.

Облыс бойынша тіркелген құқық бұзушылықтар санының төмендеуі аясында қылмыстың айтарлықтай өсуі  Май ауданында 21,2% - ға,  Баянауыл ауданында 8,6% -ға тіркелді.

Аса ауыр қылмыстар саны 53% - ға өсті (Павлодар ауданы 250% - ға немесе 2-ден 7-ге, Теренколь ауданы 150% - ға немесе 2-ден 5-ке, Екібастұз қаласы 100% -ға   немесе 11-ден 22-ге, Павлодар қаласы 64% - ға немесе 50-ден 82-ге дейін).

2022 жылдың 12 айында басқармамен 67 жасырын қылмыстық құқық бұзушылықты (ұрлық-18, мал ұрлығы-10, алаяқтық-15, басқалары-24) анықтап, есепке қойды. Құқық қорғау органдарының азаматтардың қылмыстар туралы өтініштерін қабылдаудан бас тартуы заңды емес. Егер өтінішті қабылдаудан бас тартылса, Сіз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша Басқармасына жүгіне аласыз (Павлодар қ., Мир көшесі, 22, телефон: 53-31-44, 87773895689).

Облыс бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 78,4% құрады, бұл ретте бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары.

Ұрлықты тіркеу 17,9% - ға, оның ішінде ұялы телефон ұрлығы 24,1% - ға азайды. Сондай-ақ кісі өлтірудің 19,1% - ға, тонаудың 11,1% - ға, парақорлықтың 45,5% - ға, қарақшылықтың 50% - ға, бұзақылықтың 66,7% - ға, алаяқтықтың 4,6% - ға төмендеуі байқалады.

Сонымен бірге бопсалау фактілерінің 44,4% - ға, зорлау 23,8%-ға,  есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар 34,8%-ға, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық 216,7%-ға жас балаларды азғындық жолға түсіру 133,3%-ға  саны  өсті.    

Сондай-ақ, адамдар тобы жасаған қылмыстар санының 56% - ға (589-дан 259-ға дейін), алкогольдік және есірткілік мас күйінде 13,1% - ға (677-ден 588-ге дейін), отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар санының 11,9% - ға (101-ден 89-ға дейін), қоғамдық орындарда 11,2% - ға төмендегенін атап өткен жөн% (1170-тен 1039-ға дейін).

Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың 30-дан 39-ға дейін немесе 30% - ға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты 32,8% - ға немесе 61-ден 81-ге дейін өсуі тіркелді.

Қылмыс жасаған адамдар туралы мәліметтерді талдау қылмыстарды 30-39 жас аралығындағы адамдар (954 немесе 38%) анықталған адамдардың жалпы санының -2506-сы ішінен жиі жасағанын көрсетеді.

Қылмыс жасаған 259 әйел анықталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4% - ға аз (338).

Қылмыс жасаған адамдар туралы мәліметтерді талдау қылмыскерлердің негізгі контингентін жұмыссыз адамдар құрайтынын көрсетті.

Қылмыс жасалған кездегі адамдардың жұмыспен қамтылуы туралы статистикалық деректер бойынша 1818 адам жұмыссыз болып табылады, бұл анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санының 72,5%-ды құрады.

 

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы