М.М. Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайындағы обсерваториясының меңгерушісі Виталий Радченко мұндай табиғи құбылыстың географиялық тұрғыдан ерекшелігін түсіндірді.
– Бірнеше күн бұрын ауа райы жылы болғандықтан, ауада ылғал көп жиналды. Ал ауада қатып қалған ылғал кішкентай мұз текшелеріне айналады. Бұл мұз текшелерінің кішкентай болғаны сонша, олар жерге тез түспей, ауада қалқып тұрады. Сәйкесінше, жердегі жарықтандырудың көмегімен кішкентай мұз текшелері бір бағытта жарқырайды. Яғни шамдардан жарық түскендіктен шағылысу арқылы жарық тіректері пайда болады, – деді Виталий Радченко.
Сала маманының сөзінше, бұл құбылысты қыста жиі кездестіруге болады. Жылы ауа райынан кейін аяз басталғанда ауадағы ылғал қата бастайды. Осылайша жарық тіректері пайда болады.
Ал жарық тіректерінің тік орналасу себебі ауада мұз текшелері тікелей жердегі жарық көзінің үстінде орналасуына байланысты болған.