Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің шешімінің жобасына «Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 3 «Ақтоғай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің шешімінің жобасына «Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2018 жылғы  21 желтоқсандағы № 3 «Ақтоғай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің шешімінің жобасына «Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 3 «Ақтоғай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Шешім «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы Ақтоғай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 302/27 бірлескен қаулысы мен шешімі және Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі негізінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 303/27 «Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы», көшелерді қайта атау туралы Нормативтік құқықтық актілер негізінде қабылданады.

Осы Шешімді қабылдаудың мақсаты Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және Қазақстан Республикасының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды дайындау және өткізу кезінде туындайтын қатынастарды реттеу болып табылады.

Шешімді іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналасқан (2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап).