Қоқысты жағу

Қоқысты жағу

Қоқыстарды, құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағу өрттің өсуін арттырады. Құрғақ өсімдіктердің, қоныстардың жану себептері : сөндірілмеген оттар, абайсызда тасталған темекі тұқылдары мен сiрiңкелер. Осыған байланысты табиғатқа шығып, үй маңындағы учаскелерді жинау кезінде өрт қауiпсiздiгi ережелерін сақтау қажет. Қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336 және 410-баптарына сәйкес, үштен жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде, кез келген ғимараттардан, құрылыстардан және сақталатын материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта, желсіз ауа райында, бұл үшін арнайы бөлінген орындарда ғана қоқысты жағуға жол беріледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуы керек. Қоқысты жағу тек күндізгі уақытта, үнемі бақылауда жүргізілуі керек. Қоқысты жағып болғаннан кейiн отты мұқият сумен толтыру керек.

Ақтоғай ауданының ТЖ бөлімі