ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 27 қыркүйек Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының үлкен мәжіліс залында сағат 11–00-де VIІ шақырылған аудандық мәслихаттың  кезекті XXVІ сессиясы шақырылады.  

          Сессияның Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. Ақжол ауылдық округ әкімінің есебі.

Баяндамашы: Ақжол ауылдық округ әкімі - Дощанов Дархан Төлеуұлы.       

  1. Қараоба тірек ауылы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған даму Жоспарын жүзеге асыру туралы.

Баяндамашы: Қараоба ауылдық округ әкімі – Байділдина Шолпан Муритқызы. 

  1. «Ақтоғай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі»

КММ-мен Ақтоғай ауданы аумағында мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмысы туралы есебі.           

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы – Жылқыбаев Нұрсұлтан Қалтайұлы.  

  1. «Ақтоғай ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінін жұмысы туралы.     

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының нақты секторы бөлімінің басшысы – Байбосынов Серік Олжабайұлы.   

  1. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының «Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 246/50 «Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай аудандық мәслихат аппарат басшысы – Аксаков Асхат Мыңжасарұлы.