Ақтоғай ауылының халықтық қатысу бюджетін аудан тұрғындарымен талқыланды

Ақтоғай ауылының халықтық қатысу бюджетін аудан тұрғындарымен талқыланды

Ақтоғай ауданының әкімі Қ.З. Арынов Ақтоғай ауылының халықтық қатысу бюджетін аудан тұрғындарымен талқылады.

2022-2023 жылдарға арналған "Халықтық қатысу бюджеті" бағдарламасы қыркүйек айының ортасында басталды. Бұл жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ең бірінші кезең – ауыл тұрғындарының идеялары мен бастамаларын жинау кезеңі өтуде. Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде оларды іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басымдыққа ие болады.

Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны беру кезінде 10 000 АЕК немесе 30 630 мың теңгеден аспауы тиіс.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ольга Анатольевна Забаровская "Халықтық қатысу бюджеті" бағдарламасы туралы, іске асыруға қандай өтінімдер жіберілетіні, сараптамалық комиссия жобалармен қалай жұмыс істейтіні және жобаны іске асырудың әрбір циклі туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғындардан типтік жобалық ұсыныстар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 10 қазанына дейін. Ұсыныстарды aktogai_so@mail.ru электронды мекен-жайға жіберу керек.