Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

Бүгін ауданымызға арнайы іс-сапармен облыстық ақпараттық топ жетекшісі Б.М. Қаппасов келіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Балтабай Маданиұлы Жолдауда айтылған жайттардың түпкі мақсаты – тұрғындардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру екендігіне тоқталып, осы секілді басқа да маңызды міндеттерді атап өтті.

Сондай-ақ, кезесуде Жолдауда айтылған ұлт саулығы мәселелеріне байланысты аудандық мәслихат депутаты, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мадина Әнуарбекқызы Сабырова баяндады.