2022 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а.
Б. Қайрақбаев және Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Павлодар қаласының маслихатының депутаты Қ. Кожинмен Ақтоғай ауданы «AMANAT» партиясының ғимаратында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.
Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй, субсидия және әлеуметтік мәселелері көтеріліп, оларға Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірге аталған мәселелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешу бойынша түсініктемелер берілді.