Мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жүмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жүмыстары жүргізілді

2022 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Б. Қайрақбаев, Ақтоғай ауданы әкімінің м.а. Е. Машырықовпен бірлесіп Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы, аумақтық, сондай-ақ құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді.

Семинар барысында Б. Қайрақбаев Әдеп кодексінің жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістерді атап өтті. Сондай-ақ, семинарда Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Р. Иманқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша баяндама жасады.

Баяндамада, Кодекстің құрылымы өзгергендігін, «мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізілгенін, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделетіні туралы айтты.

Олар - адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық
және клиентке бағдарланушылық.

Сонымен қатар, Кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және клиентке бағдарлау қағидаттарын сақтау талаптарына басымдылық берілгендігінде айтты. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер мен сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.