Мектепке жол 2022

Мектепке жол 2022

2022 жылы "Мектепке жол" республикалық дәстүрлі қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған бала жылын іске асыру шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Акцияның ұраны: Мектепке жол – шексіз жақслық.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Білім бөлімінде және барлық мектептерде осы акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жоспарлары әзірленді. Акцияны ұйымдастырушылар тарапынан (мектеп басшылары) өз ауылының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен балаларға көмектесуге өз үлестерін қосу ұсынысымен ұсыныстар жасалды.

Ақтоғай ауданының барлық тұрғындарын "Мектепке жол 2022" акциясына қатысуға шақырамыз!

Акция сұрақтары бойынша байланыс нөмірлері:
☎️ 21 1 18
📞 8 771 173 66 23