Қазақстан Республикасы Конституциясының 91- бабының 1 – тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының заңының 18- бабына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізуіне байланысты сайлаушылардың тізімдерін нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы Сіздерді хабардар етеміз.
Өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, өзіңіз туралы және өз отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтердің дұрыстығын сайлаушылар тізімінде мына мекенжай бойынша тексеріңіздер: Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75 үй, № 35 каб. немесе 21-6-65, WhatsApp 87773326576 телефондары арқылы операторлардан білуге болады. Сонымен қатар Callcentraktogay@mail.ru электондық мекен-жайға жазбаша өтініштер қалдыруға болады. Жұмыс уақыты: Дүйсенбі- жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, жексенбі демалыс.
Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты