Қазақстан Республикасы аумағында карантинге жататын өнімдерді әкелу және әкету тәртібі

Қазақстан Республикасы аумағында  карантинге жататын өнімдерді әкелу және әкету тәртібі

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің төрт түрін көрсетеді:

Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру,

Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру,

Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу,

Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы No 4-4/500 бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама - теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темір жол станцияларында, почта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады. Жүкті қайта тиемей әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы не аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы тиісті аумақтық бөлімшеге жүгінеді.

Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз нысанда ресімделеді.

Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландырады, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалуы туралы мәліметтерді қамтиды.

Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы беретін карантиндік сертификат болған кезде жүзеге асырылады.

Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама карантинге жатқызылған өнім пайдаланылатын жерде куәландырады.

Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.

Карантиндік сертификат өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куаландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және осы өнімді жеткізу бойынша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, оның карантиндік жай-күйін куәландырады.

Жүру жолында немесе межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімнің баратын мекенжайын өзгерту осы Қағидаларға сәйкес аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын, аумақтық бөлімшемен (көрсетілетін қызметті берушімен) берілетін жаңа карантиндік сертификатты ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының карантиндiк аймағынан әкетiлген карантинге жатқызылған өнiмдi жүру жолында басқа мекенжайға жiберуге жол берілмейді.

Орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім оның межелі, жеткізу пунктінде екінші рет карантиндік жете тексерілуі тиіс.

Карантинге жатқызылған өнім иеленушісі аумақтық бөлімшені (көрсетілетін қызметті берушіні) карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және келген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді көрсетеді.

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі бірлескен бұйрығына сәйкес сандық шектеулер (квота) енгізілді, ауыл шаруашылығы өнімдерін, бидай мен меслинді, бидай ұнын немесе бидай-қара бидайды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету 2022 жылғы 15 маусымға дейін.

 

«ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы» ММ