Ақтоғай ауданы бойынша коммуналдық қызметтердің тарифтері

Ақтоғай ауданы бойынша коммуналдық қызметтердің тарифтері

Бүгінгі күні жеке тұлғалар үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің электрмен жабдықтауға бекітілген тарифі ҚҚС-сыз - 9,91 теңге/кВтс, ҚҚС-сыз 11 теңге/кВтс құрайды.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бекітілген тарифтеріне сәйкес «Ақтоғай-Сервис» КМК-ның тарату желілері бойынша суды өткізу құны жеке тұлғалар үшін - 126,34 теңге/м3 құрайды.

Кешенді блок модульдерден ауыз суды жіберу тарифі бір литр су үшін               1,5 теңгені құрайды.

Жеке тұлғалар үшін арнайы техникамен қоқыс шығару - бір рейс үшін 800 теңге.

Сұйық қалдықтарды шығару - жеке тұлғаларға бір рейс үшін - 4000 теңге.

Ақтоғай ауылында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер бойынша коммуналдық қызметтердің құны:

- қоқыс шығару үшін әр пәтерден айына 170 теңге;

- әр пәтердің есептеуіштеріне сәйкес сұйық қалдықтарды шығару қызметінің құны - тұтынылған судың м3 үшін 400 теңге;

- жылумен жабдықтау тарифі - 8000 теңге/Гкал.