МУТКЕНОВ АУЫЛЫНА 90 ЖЫЛ!

МУТКЕНОВ АУЫЛЫНА 90 ЖЫЛ!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Мүткенов ауылы өзінің 90 жылдығын атап өтуде. Осыған байланысты бүгін "Туған жерге тағзым" атты іс-шаралар кешені өтті. Іс-шараның салтанатты бөлігі Ақтоғай ауданының әкімі Қ.Арыновтың құттықтауынан басталды, ол ауыл тұрғындарын осы айтулы оқиғамен құттықтап, сыйлық ретінде ауылды абаттандыруға 5 000 000 теңге сомасында сертификат табыс етті. Одан әрі мереке ауылдың қалыптасу және даму тарихы туралы конференция өткізумен жалғасты, ол жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концертпен аяқталды. Сонымен қатар, аудан оқушылары арасында үстел үстіндегі спорт түрлерінен, сондай-ақ еркін күрестен спорттық жарыстар өтті.